«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 1043 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 1043 бұйрығы

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8933 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 69 (27690) жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы»

бұйрықтың 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының қоса берілген үлгілері бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерінде:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

Атауы 1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілері мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының үлгісі»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.