Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 114/НҚ және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 52 бірлескен бұйрығы
(2025.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025.28.05. № 260/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025.13.06. № 51 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.23.05. № 104/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.23.05. № 76 бірлескен бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.23.05. № 104/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.23.05. № 76 бірлескен бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ақпараттандыру саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Байланыс саласындағы тексеру парағы;