Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 261 бұйрығы
(2025.01.01. берілген өзгерістермен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 127 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма сегізінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидалары 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 366 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17402 тіркелді);