«Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 желтоқсандағы № 995 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 64 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 желтоқсандағы № 995 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12553 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әрбір полиция департаментінде ұсынымдық сипатта шешім шығаратын бір консультативтік-кеңесші орган құрылады.»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. консультативтік-кеңесші органның жұмыс органы полиция департаментінің уәкілетті бөлімшесі болып табылады.
11. Консультативтік-кеңесші органның бірінші құрамы азаматтық қоғам және полиция департаменттері басшылары ұсынған кандидаттар қатарынан жұмыс органы болып құралады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Консультативтік-кеңесші органның құрам саны тоғыз адамнан аспайды, полиция департаментінің басшылары бекітеді.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Консультативтік-кеңесші органның жылдық жұмыс жоспары оның мүшелерінің, жұмыс органының ұсыныстары бойынша қалыптыстырылады және полиция департаментінің басшыларымен келісіледі.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Консультативтік-кеңесші органның кезектен тыс отырысы төрағаның шешімі бойынша, полиция департаменті басшыларының ұсынысы бойынша немесе консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша өткізілуі мүмкін.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Төраға Полиция департаменті басшыларының келісімі бойынша кезектен тыс отырыстың жұмыс тәртібін анықтайды және оның күнін тағайындайды.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: