Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 172 Қаулысы
(2015.08.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - Өзгерістер мен толықтырулар) енгізілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының тоқсаныншы, 3-тармағының қырық жетінші абзацтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.