«Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 35 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 388 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19987 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-29) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-29) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ведомство мал қорымдарына әріптерден және цифрлық символдардан (символдар бір-бірімен қиғаш сызықпен бөлінеді) тұратын нөмір бере отырып әкімшілік-аумақтық бірліктер бөлінісінде мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) Тізілімге енгізеді:
бірінші символ - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды;
екінші және үшінші символдар - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;
төртінші-сегізінші символдар - Тізілімдегі реттік нөмір (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша).