«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 45 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 9 қарашадағы № 407 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18786 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 36, 37, 38, 39, 40 және 41 жолдарымен толықтырылсын:
«
| 36 | «Самрук ЮС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Р. Макашев көшесі, 82 А-үй | Алматы қаласы, Ибрагимов көшесі 9, 116 кеңсесі |
| 37 | «Карат LLP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Атырау облысы, Атырау қаласы, Жубанов көшесі 32 | Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық данғылы, 48 ғимараты |