«Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 186 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қабылдау әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) жасайтын, Қорғаныс министрінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары бекітетін Қабылдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мамандықтар мен біліктіліктер арасында орындарды және оқуға түсушілерді қайта бөлу Қорғаныс министрінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының тиісті шешімімен жүзеге асырылады.