(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖАЛПЫ ПАЙДАЛАНЫМДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ...

Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 117/3 Қаулысы

(2019.09.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3-бабы 7-тармағына сәйкес, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбекке жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.