«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасының 2024 жылғы 13 наурыздағы № 22 бұйрығы
ҚР Жоғарғы Сотының төрағасының 2025 жылғы 6 мамырдағы № 1 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларында:
4-тармақ алып тасталсын;
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Оқуға түсу емтихандары 5 - 22 тамыз аралығында, оқуға қабылдау 31 тамызына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Магистратураға оқуға түсуші тұлғаларға келесі талаптар қойылады:
1) құжаттарды қабылдау аяқталған сәтте жиырма тоғыз жасқа толуы;
2) жоғары заң білімінің болуы;
3) құжаттарды қабылдау аяқталған сәтте заң мамандығы бойынша кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы.»;
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.»
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: