«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 653-VII ПМ Қаулысы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 653-VII ПМ Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Регламентінің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар қабылдансын.

2. Осы Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

 

Е. ҚОШАНОВ

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

2022 жылғы 21 желтоқсандағы

№ 653-VII ПМ қаулысымен қабылданды

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне

өзгерістер мен толықтырулар

 

1) 2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес интернет-ресурста» деген сөздер «Мәжілістің интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жүз жеті» деген сөздер «тоқсан сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 5-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Мәжілістің жалпы отырыстары сәрсенбі және бейсенбі күндері 13 сағат 00 минуттан 15 сағат 00 минутқа дейін үзіліспен сағат 10-нан 18-ге дейін өткізіледі.»;

алтыншы бөліктегі «Мәжiлiс ғимаратында өткiзiлетiн өзге де республикалық iс-шаралар -» деген сөздер алып тасталсын;

4) 6-3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «электрондық жүйенiң қолданылуын бақылау жөнiндегi уақытша комиссияны» деген сөздер «Электрондық жүйенiң пайдаланылуын бақылау жөнiндегi комиссияны» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 9-тармақта:

алтыншы бөліктегі «хатшының» деген сөз «кеңесшінің» деген сөзбен ауыстырылсын;

сегізінші бөлік алып тасталсын;

6) 11-тармақтың екінші бөлігіндегі «хатшы» деген сөз «кеңесші» деген сөзбен ауыстырылсын;

7) 12-тармақтағы «автоматтандырылған жүйеде» деген сөздер «Мәжілістің интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 17-тармақ алып тасталсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.