Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 1141 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы;»;
4) тармақшаның он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы;»;
350) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«350) ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;»;
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде: