(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ...

Предыдущая страница

3) сақтандыру омбудсманының жылдық бюджетін, қызметінің қорытындысы туралы есепті бекіту және уәкілетті орган бекіткен міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесі, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері негізінде міндетті жылдық жарнаның мөлшерін айқындау;

4) уәкілетті органмен келісу бойынша сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларын бекіту;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) сақтандыру омбудсманына сақтандыру көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың сақтандыру омбудсманының әрекеттеріне шағымдарын талдау және сақтандыру омбудсманының есептерін қарау қорытындысы бойынша оның қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар беру;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) уәкілетті органға сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхат жіберу;

6) осы Заңға сәйкес сақтандыру омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.

 

88-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар

1. Сақтандыру омбудсманы ретінде сайлау үшін:

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жоғары заң білімі бар;

2) мінсіз іскерлік беделі бар;

3) сақтандыру саласында бес жылдан астам жұмыс өтілі бар;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) бұрын уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе оларды банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болып табылмаған адам ұсынылуы мүмкін.

Сот Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам, сондай-ақ өзіне қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын адам сақтандыру омбудсманы болуға ұсынылмайды.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сақтандыру омбудсманы қаржы ұйымдарында лауазымдардың кез келгенін атқаруға және (немесе) сақтандыру ұйымдарының үлестес тұлғасы болуға құқылы емес.

 

89-бап. Сақтандыру омбудсманының құқықтары мен міндеттері

1. Сақтандыру омбудсманының:

1) өтініш берушінің өтінішін қарау үшін қажетті мәліметтерді сақтандыру ұйымдарынан сұратуға;

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасының талаптарын сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында сақтандыру омбудсманының қызметі туралы материалдарды жариялауға;

3) штат (сақтандыру омбудсманының офисін) құруға құқығы бар.

2. Сақтандыру омбудсманы:

1) өз қызметінде осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көзделген қағидаттарды басшылыққа алуға;

2) дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің алдында өзінің қызметі туралы жыл сайын есеп беруге;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

4) ақпарат пен мәліметтердің толықтығын, анықтығын және өзінің интернет-ресурсында уақтылы орналастырылуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

90-бап. Сақтандыру омбудсманының шешімдер қабылдау тәртібі

1. Сақтандыру омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды және оны дауға қатысушы тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізеді.

2. Сақтандыру омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын және жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.

3. Сақтандыру ұйымдарының арасындағы келіспеушіліктер бойынша сақтандыру омбудсманының шешімі сақтандыру ұйымдары үшін міндетті болып табылады.

Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымының арасындағы келіспеушіліктер бойынша сақтандыру омбудсманының шешімі оны сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) қабылдаған жағдайда сақтандыру ұйымы үшін міндетті болады.

4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, сақтандыру омбудсманы осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзушылық фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы уәкілетті органға үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын, осы Заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған тұлғалар, сондай-ақ сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды.

 

91-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Сақтандыру омбудсманының қызметі, оның ішінде келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдері уәкілетті орган бекіткен сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру тәртібі және сақтандыру омбудсманының ішкі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында сақтандыру омбудсманының қызметі сақтандыру ұйымдарының жарналары есебінен қаржыландырылады. Міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесі, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

3. Осы Заңның 86-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда келіспеушіліктерді реттеуді сақтандыру омбудсманы өтеусіз жүзеге асырады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

4. Міндетті жарналар төленбеген, уақтылы төленбеген не толық емес көлемде төленген жағдайда, сақтандыру омбудсманы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органды сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабардар етуге міндетті.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

5. Сақтандыру омбудсманының офисі сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі бекіткен сақтандыру омбудсманының шешімі негізінде ақпараттық технологиялар, заңтану, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жөніндегі, бағалау саласындағы, өтініш берушілердің жолданымдарымен жұмыс жөніндегі қызметтер мен мамандарды және өзге де қызметтерді (мамандарды) ұстауға тиіс.

 

92-бап. Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері

Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленеді.

 

Қазақстан Республикасының