Осы редакция 2017 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 1/105 қаулысымен
бекітілген
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.14.09. берілген өзгерістермен)
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
Алматы қаласы әкімдігінің 2016.14.09. № 3/436 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту болып табылады;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау