«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қарашадағы № 1006 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қарашадағы № 1006 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

55-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«55-1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін жеделдетілген тәртіппен бергені үшін бағалар прейскурантын монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді;»;

59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«59) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, емтихан қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру, механикалық көлік құралын басқару құқығын тоқтату және қалпына келтіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 59-1), 59-2), 59-3), 59-4), 59-5), 59-6) және 59-7) тармақшалармен толықтырылсын:

«59-1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдарының кепілін, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын тіркеу және тоқтату қағидаларын әзірлеп, бекітеді;

59-2) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеп, бекітеді;

59-3) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімін жүргізеді;

1-тармағының он екінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.