«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтату, күшiн жою) қағидалары» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 890 бұйрығы (2023.22.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтату, күшiн жою) қағидалары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 890 бұйрығы

(2023.22.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.03.05. № 314 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.30.09. № 510 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-30) тармақшасына және 28-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.03.05. № 314 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтату, күшiн жою) қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.