«Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-306/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 92 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-306/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 92 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-306/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21849 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 83) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларында:

2-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әмбебап аудиологиялық скрининг - МСАК ұйымдарында ерте шақтағы (үш жасқа дейінгі) және алты жастағы барлық балалардың есту бұзылысын отоакустикалық эмиссияны, қысқа-латентті есту қабілеті туындаған әлеуетті тіркеу әдісімен жыл сайын айқындау;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) баптау сессиясы - импланттау жүйесінің (аудио) сөйлеу процессорын күйге келтіру жүргізілетін екі жұмыс күнінен төрт жұмыс күніне дейінгі кезең;»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Ре-скрининг МСАК денсаулық сақтау ұйымының баланы дамыту кабинетінде туындаған отоакустикалық эмиссияны, қысқа патенттелген есту қабілеті туындаған әлеуетті және тимпанометрияны тіркеу әдісімен бала өмірінің оныншы-отызыншы күніне дейінгі мерзімде жүргізіледі.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Жыл сайын МСАК денсаулық сақтау ұйымында туындаған отоакустикалық эмиссияны, қысқа патенттелген есту қабілеті туындаған әлеуетті тіркеу әдісімен ерте жастағы (үш жасқа дейінгілерді қоса алғанда) балаларға әмбебап аудиологиялық скрининг жүргізіледі.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.