Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың ережелеріне сәйкес берілген жер қойнауы учаскесінде өнеркәсіптік-инновациялық жоба бойынша өндірістік объектіні пайдалану басталғанға дейін пайдалы қазбаларды өндіруді бастауға құқылы емес.
Осы тармаққа сәйкес берілген барлауға немесе өндіруге арналған лицензия осы Кодекстің тиісінше 200 немесе 221-баптарында көзделген негіздерден басқа, осы тармақтың жетінші және оныншы бөліктерінде көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, кері қайтарып алынуы мүмкін.».
1) 2025 жылғы 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1) және 39) тармақшаларын;
2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 44), 45), 46) және 50) тармақшаларын, 51) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын;
3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6) тармақшасының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 13) тармақшасының төртінші абзацын, 22) және 23) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 30 желтоқсан
№ 249-VIII ҚРЗ