«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 Қаулысы
(2026.12.03. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025.15.04. № 87 Қаулысымен алып тасталды (2025 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025.15.04. № 87 Қаулысымен алып тасталды (2025 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.А. Нұрбаевқа жүктелсін.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024.20.06. № 146 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің