Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 220 Қаулысы
(2024.10.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 17 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2024.19.02. № 10 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-6) тармақшасына, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.