Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 «Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 46-324 шешімі
Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді аудандық мәслихатының «Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8684-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
6-тармақтың 10) және 11) тармақшалары алынып тасталсын;
10-тармақтың 10) және 11) тармақшалары алынып тасталсын;
1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, үш айдан кешіктірмей. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш, бір рет;