«Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 175 қаулысына 5-қосымша) (күші жойылды)

Жамбыл облысы әкімдігінің

2019 жылғы 22 тамыздағы

№ 175 қаулысына 5-қосымша

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 36 Қаулысымен күші жойылды

 

 «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бекітілген «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес мемлекеттік қызмет денсаулық сақтау субъектілерімен (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетіледі.

2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер)

мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжат (бұдан әрі - құжат) болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.