«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 476 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 1182 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 476 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 1182 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 476 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15803 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 23-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидалары:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскери оқу орны (әскери факультет) курсанттары, әскери колледж кадеттері, әскери ұландары мынадай әскери киім нысанын киеді:»;

6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) әскери қызметшілерге әскери киім нысаны киюге берілгенде оны мұқият үйлестіріп пішуді, мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, әскери оқу орны (әскери факультет) курсанттарына, әскери колледж кадеттеріне, әскери ұландарына бекітіліп берілген мүлікке таңба қоюды ұйымдастырады;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.