Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 108 «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларына өзгерiстер енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 103 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 108 «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларына өзгерiстер енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2317 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 маусымда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларына енгізілетін өзгерістер» деген 1-қосымшаның 5-тармағы алынып тасталсын.