Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 322 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Қорғаныс министрінің 2026.10.08. № 899 бұйрығымен күші жойылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Қорғаныс министрінің 2022.29.11. № 1145 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру» мемлекеттік қызметін көрсету
қағидалары
(2023.01.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қорғаныс министрінің 2022.29.11. № 1145 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.