«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 310 «Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» және 2019 жылғы 30 наурыздағы № 325 «Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 34 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 310 «Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» және 2019 жылғы 30 наурыздағы № 325 «Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 34 бұйрығы

 

«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) және 13) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 310 «Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14972 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 7 сәуірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықпен бекітілген, Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көрсетілген:

Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамалары өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға құрал-жабдықтарды орналастыруға арналған аландардың есептік нормативтердегі:

11-тармақ алынып тасталсын;

Сот сараптамаларын жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтардың, аспаптар базасының, құрал-саймандар мен бағдарламалық жасақтамалардың тізбесіндегі:

17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

Сот молекулярлық-генетикалық сараптамасы

Сот -сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу

1. ДНҚ-талдауыш (секвинатор)

2. Термоциклер (амплификатор)

3. ДНҚ сандық және сапалық талдауға арналған нақты уақыт режиміндегі ПЦР

4. Психрометр (үй-жайлардағы климаттық жағдайды өлшеуге арналған аспаптар жиынтығы)

5. Биороботтар (зерттеу кезеңдерін автоматтандыруға арналған)

6. Дозаторлардың механикалық тамшуырларының жиынтығы

7. Сорғыш шкафтар

8. Миксерлер (вортекс, алмастырылатын штативтері бар термомиксерлер, ротамикстер)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.