«Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 119 бұйрығы

 «Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 119 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15808 болып тіркелген, 2017 жылы 9 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік авиацияның әуеайлағын (тікұшақ айлағын) Тізілімге енгізу үшін әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тексеру актісінің және әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдалануға рұқсат ету туралы бұйрықтың көшірмелерін қоса бере отырып, авиациялық бөлім командирінің (әуеайлақ авиациялық аға бастығының) еркін түрдегі қолдаухаты негіздеме болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.