(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖАЛПЫҒА О...

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 28) тармақшасына және «Құқықтық нормативтік актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Халықаралық және республикалық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сынаптау қағидалары мен шарттары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2) Халықаралық және республикалық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.