(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНЫНЫҢ ҚАРАУЫНДА ТҰРҒАН ҚЫЗМ...

 Осы редакция 2019 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 19 қаңтардағы

№ 56 бұйрығына

7-қосымша

 

 

Мемлекеттік кірістер органының қарауында тұрған қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеру

қағидасы

 

1. Осы Мемлекеттік кірістер органының қарамағында тұрған қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеру қағидасы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң ) 46-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органының қарамағында тұрған қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағида).

2. Қызметкерді атқарып отырған лауазымынан босату және мемлекеттік кірістер органының қарамағына алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының (бұдан әрі - Комитет төрағасы) немесе аумақтық мемлекеттік кірістер органының уәкілетті басшысының (бұдан әрі - уәкілетті басшы) бұйрығымен күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Ерекше жағдайларда бұл мерзім Комитет төрағасының, уәкілетті басшының бұйрығымен «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабына сәйкес екі айға дейін ұзартылады.

Қарамағына алынған қызметкерде 46-1-бабының 3-тармағына сәйкес соңғы лауазымы бойынша ақшалай құрамы сақталады.

3. Тиісті мемлекеттік кірістер органының қарамағанда тұрған тұлғаны лауазымға тағайындау күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде, бірақ лауазымнан босатылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей жүргізіледі.

4. Қарауда тұрған адамдар Комитет төрағасының немесе уәкілетті басшының шешімімен:

1) бос орынға тағайындау бойынша жұмысқа;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.