«Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 9-НҚ нормативтік қаулысы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 тіркелген, 2016 жылы 13 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) емтихан жұмысы - кандидаттың нәтижесі (жауабы);
2) емтихан модулі - осы Қағидалардың 24-25-тармақтарында көрсетілген әрбір пән бойынша жауаптардың және (немесе) ахуалдық тапсырмалардың нұсқалары бар тест сұрақтарынан тұратын тапсырмалар көлемі (бұдан әрі - модуль);
3) кандидат - мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адам;».
4) кандидаттың білімін растауы - біліктілік емтихандарын (бұдан әрі - емтихан) тапсыру арқылы кандидаттың білім деңгейін бағалау;
5) қадағалаушылар - мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, жоғары оқу орындары оқытушыларының емтихан өткізу тәртібінің сақталуын қадағалайтын тәуелсіз сыртқы өкілдері;
6) сәйкестендіру нөмірі - білімді растаушы ұйымның әрбір кандидатқа беретін жеке нөмірі (бұдан әрі - СН);