Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 292-НҚ бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 227-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың қоса беріліп отырған әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Персоналды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Шаққалиев |
Сауда және интеграция министрінің
2025 жылғы 9 қазандағы
№ 292-НҚ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметін бағалау
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер