«Құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалатын жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 мамырдағы № 255 бұйрығы

Құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалатын жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 мамырдағы № 255 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 137-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалатын жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қойылатын талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми жарияланғаннан кейін интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.