Қордай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы
Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № 24-4 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі баскару туралы» Заңының 39-3 бабының 6 тармағына және «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі № 32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қордай аудаңдық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қордай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қордай аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Садыков |
2024 жылғы 16 мамырдағы
№ 24-4 шешімімен бекітілген
Қордай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу
тәртібі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қордай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі (бұдан әрі - Тәртібі) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.