«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 65 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14487 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларында:
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) арнайы көлік құралдарынан не қызметтік жеңіл көлік құралдарынан соттардың ғимараттарындағы ұстауға арналған камераларға, уақытша ұстау изоляторының (бұдан әрі - УҰИ), тергеу изоляторының (бұдан әрі - ТИ) режимдік аймағына, тергеу әрекеттерін жүргізу орындарына, емдеу мекемелеріне дейін;»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Ұсталған адамды және күзетпен қамауға алынған адамды соттың ғимараттарында уақытша ұстау бөлмесіне орналастырғаннан кейін айдауылшы оны үнемі қағалайды, оның басқа тұлғалармен (туыстары, қорғаушылары) сөйлесуіне, қандай да бір заттарды қабылдауына немесе беруіне рұқсат етпейді.»;
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: