2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 38/44 Қаулысы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, 25-бабына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 24, 25, 26, 26-1-баптарына сәйкес Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті атқарушы органдар:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/197 қаулысына сәйкес республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2) республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімдерінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізуді тексеру бойынша ақпараттық сервистерді (Call-орталықтар, цифрлық сервистер, интернет-ресурстар) әзірлесін және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етсін, осы сервистердің жұмысы туралы азаматтарды кеңінен ақпараттандыруды жүргізсін;