ҚР СТ 3886-2023
Жануарлар текті объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу
Терминдер мен анықтамалар
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Мазмұны
3.2 Жануарлардың түктері туралы жалпы мәліметтер
3.3 Сүтқоректілер денесінің және оның бөліктерінің негізгі өлшемдері
3.4 Сүтқоректілердің және оның бөліктерінің бас сүйегінің негізгі өлшемдері
3.5 Сүтқоректілердің тістерінің негізгі типтері
3.6 Құстар денесінің және оның бөліктерінің негізгі өлшемдері
3.7 Балық денесінің және оның бөліктерінің негізгі өлшемдері
3.8 Кесірткелердің денесі мен оның бөліктерінің негізгі өлшемдері
3.9 Жылан денесінің және оның бөліктерінің негізгі өлшемдері
3.10 Түк пен жүнді зерттеуде қолданылатын негізгі терминдер
3.11 Құстардың қауырсындарын зерттеу кезінде қолданылатын негізгі терминдер
3.12 Теріні зерттеу кезінде қолданылатын негізгі терминдер
3.13 Балық объектілерін зерттеу кезінде қолданылатын негізгі терминдер
Осы стандарт жануарлар тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу саласындағы терминдер мен анықтамаларды белгілейді.
Осы стандартта нормативтік сілтемелер жоқ.
Осы стандарт тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
3.1 Ареал - жануарлар мен өсімдіктердің түрінің, тұқымдасының немесе басқа таксономиялық санатының тіршілік ету ортасы
3.2 Биоценоз - азды-көпті біртекті жағдайлары бар орта бөлігін мекендейтін, өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы.
3.3 Сот-биологиялық сараптамадағы диагностикалық міндеттер - оқиғалар динамикасының механизмін, тәулік уақытын, жыл уақытын, сондай-ақ объектінің физиологиялық және биохимиялық жағдайын ескере отырып, сараптамаға ұсынылған биологиялық объектінің жағдайы мен жай-күйін анықтау.
3.4 Сот-биологиялық сараптамадағы сәйкестендіру міндеттері - салыстырылған заттардың (бөліктердің) бүтінге, белгілі бір тұлғаға, біртұтас массаға тиесілігін белгілеу, шығу көзін анықтау және т.б.