Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 27 шілдедегі № 505 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудиторлыққа кандидат аттестаттауға тiркелу үшiн Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) пәннің (пәндердің) атауын көрсетілген өтініш (әр емтиханға);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімін растайтын мынадай құжаттардың бірі:
құжаттың (дипломның) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
«цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті цифрлық жүйелерден алынған ұсынылған электрондық құжат;
шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тану рәсімінен өткенін растайтын құжат;
4) экономикалық, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілік алғанын растайтын құжаттың (бар болған жағдайда) нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
6) судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (бар болған жағдайда);