«Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 374 бұйрығы

 «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 374 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12062 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Абай облысында - Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Жаңасемей, Мақаншы, Үржар аудандарында, Семей, Курчатов қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін - Бородулиха ауданында.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Алматы облысында - Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарында, Алатау қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін - Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кентінде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін - Алматы қаласының Бостандық ауданында.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.