154-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы қорытындының негізінде мынадай екі кезеңде жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер жүргізуді қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартқа қол қою, сондай-ақ шартты тіркеу. Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау осы Кодекстің 154-2, 154-3, 154-4-баптарының нормаларын қолданбай, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақтың ережелері мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген бағдарламаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделсе, қолданылмайды.
2. Тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бағытталған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуына арналған шығыстар бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, қаржылық-экономикалық негіздемені ұсыну туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 154-2-баппен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 154-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
154-2-бап. Тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеу
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеуді әлеуетті жекеше әріптес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін қорытындыны дайындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оның сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін қорытындыны дайындайды.
3. Мемлекет тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары мен бюджеттен төлемдер болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген қорытындылар мен сараптамалар талап етілмейді.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 154-3-баппен толықтырылды
154-3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Инвестициялық ұсыныстарға берілетін қорытындылардың негізінде және бюджет комиссияларының қорытындыларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асатын, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімді құрауы мүмкін.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджеттен тыс өзге де қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады.
Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығына сараптамаға жiбередi.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оған сараптамаға жiбередi.
4. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар негiзiнде конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастырады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
5. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар мен келiсулер негiзiнде конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
6. Конкурстық құжаттамаға тиiстi бюджет комиссиясының қарауынсыз мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелердi енгізуге жол берiлмейдi.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету шеңберінде не жекеше әріптес конкурс талаптарын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды ескере отырып, жүзеге асырады.
8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзуге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жобаны іске асырудың бірінші жылының шығыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына берілетін қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың және тиісті бюджет комиссиясының оң шешімінің негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі, жобаны іске асырудың кейінгі жылдарының шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қол қойылған және тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ үлгілік жобалардың, үлгілік жобалық шешімдердің және қайталап қолданылатын жобалардың негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдап отыруды жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына енгізілетін мәліметтердің анықтығы мен негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 154-4-баппен толықтырылды
154-4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылады.
2. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
3. Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбiр мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi қаржыландыру көлемдерi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн қалыптастырады, ол мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдауға, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
Жергiлiктi мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдауға, қажет болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
155-бап 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 155-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау
Концессиялық жобаларды жоспарлау мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін концессиялық жобаны іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындының негізінде мынадай екі кезеңде жүзеге асырылады:
1) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен концессия шартын жасасу, сондай-ақ шартты тіркеу.
155-1-бап. 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
155-2-бап 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
155-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асатын, бірақ тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімді құрауы мүмкін.
2. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Республикалық концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге не түзетуге, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
Жергілікті концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымға сараптамаға жiбередi.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаға сараптамаға жiбередi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалардың негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
6. Конкурстық құжаттамаға тиісті бюджеттік комиссияның қарауынсыз мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қосуға жол берілмейді.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде немесе концессионер конкурстық құжаттама шарттарына сәйкес концессиялық жобаның маркетингтiк және қаржылық-экономикалық өлшемдерiн ескере отырып жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.
155-3-бап 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
155-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдап отыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік комиссиялар мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемдері бойынша концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Республикалық концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
Жергілікті концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 156-бап жаңа редакцияда
156-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіздер
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады.
Мыналар:
1) келіссөздер хаттамасы (ол болған кезде);
2) бюджет комиссиясының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы ұсынысы болуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау үшін негіз болып табылады.
Осы тармақтың ережелері мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген бағдарламаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделсе, қолданылмайды.
2. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау концессия шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады.
Мыналар:
1) келіссөздер хаттамасы (ол болған кезде);
2) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған концессия жөніндегі комиссияның конкурс жеңімпазын айқындау туралы ұсыныстары;
3) бюджет комиссиясының мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдау туралы ұсыныстары мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
31-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жүзеге асыру
157-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру
1. Бюджеттік инвестициялық жобалар олардың белгiленген тәртiппен бекітілген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Егер белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетуге тапсырыс берушінің шешімі бойынша негізді қажеттілік туындаған жағдайда, жобалау алдындағы құжаттаманы (ол болған кезде) түзету талап етілмейді.
Құрылыс қызметін (жұмыстарды) қаржыландыру мерзімдері жұмыстарды орындаудың белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.
Бұл ретте, егер өнім беруші жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды толықтай өз есебінен орындау және төлемақыны жұмыстардың аяқталу фактісі бойынша алу туралы міндеттеме қабылдаған жағдайда, ағымдағы жылы көзделген пайдаланылмаған қаражат тиісті қаржы жылының бюджетіне ауыстырылады. Осы қаражатты өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасының Үкіметі жасаған қарыз туралы келісім шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайтуды қаржыландыру, егер қарыз шартының талаптарына сәйкес мердігермен азаматтық-құқықтық шартта құнын ұлғайтуды қаржыландыру жөнінде өзгеше талаптар белгіленген болса, азаматтық-құқықтық шартқа сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы түзетпей-ақ мүмкін болады.
3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметi осы жоба аумағында iске асырылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен бекітілетін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.
Үлгi жобаларды әзiрлеуді және оларға сараптама жүргiзудi қаржыландыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi органның тиiстi бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгi жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекіту жолымен жүзеге асырылады.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық шарттың талаптарына сәйкес жол учаскелерінің сметалық құнын ұлғайтуды қаржыландыруға Республикалық бюджет комиссиясының қарауынсыз жол берілмейді.
6. Республикалық немесе жергiлiктi бюджетке енгiзiлмеген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге жол берiлмейдi.
7. 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүргiзедi.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің негізінде жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 158-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 158-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
158-бап. Концессиялық жобаларды іске асыру
1. Концессиялық жобалар «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес концессия шартының негізінде іске асырылады.