«Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 740 бұйрығымен күші жойылды
«Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10816 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан шығару қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тізілімді қалыптастыру Заңның 39-бабының 14) тармақшасына сәйкес бекітілетін Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемелеріне сәйкес монополияға қарсы орган ведомствосы жүргізген тауар нарықтарын талдау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.