«Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 486 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 4 ақпандағы № 102 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 486 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15801 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 12) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында авиациялық оқиғаны болғызбау бойынша авиациялық персоналдың қызметін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.»;
43-тармақ алып тасталсын;
154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: