(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰҢҒЫМАЛАР ОБЪЕКТІСІН СЫНАУ, КЕН ОРНЫН СЫНАМАЛЫҚ ПАЙ...

Осы редакция 2017 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы 23 ақпандағы

№ 132 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт - 20 (жиырма) минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.