«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 494 бұйрығы

«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 494 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында:

2-тармақта:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ағымдағы баға - бағаның арттырылуына байланысты аукцион нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын мүлік бағасы немесе бағаның төмендетілуіне байланысты аукцион нысанындағы сауда-саттық барысында жарияланған баға;

2) алғашқы баға - тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде айқындалатын және комиссия белгілейтін мүлік бағасы;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) аукцион нөмірі - қатысушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;»;

19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«19) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген мүліктің түпкілікті бағасы;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.