«Инвестициялық субсидияның шекті мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 666 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 17 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Инвестициялық субсидияның шекті мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 666 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 17 бірлескен бұйрығы

 

ҚР Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 11-1-4/187 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 39 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

«Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Инвестициялық субсидия беру қағидаларының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Инвестициялық субсидияның шекті мөлшері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.