«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің инфрақұрылымы объектілеріне, автомобиль және арнайы техникасына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 625 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 942 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің инфрақұрылымы объектілеріне, автомобиль және арнайы техникасына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 625 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің инфрақұрылымы объектілеріне, автомобиль және арнайы техникасына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлердің үлгілік еңбек нормасы мен нормативін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 101-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің инфрақұрылымы объектілеріне, автомобиль және арнайы техникасына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлердің үлгілік еңбек нормасы мен нормативі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің инфрақұрылымы объектілеріне, автомобиль және арнайы техникасына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерінің еңбек нормаларында: