Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 10 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11677 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларында:
1-қосымшада:
1-жолда 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Нормативтік техникалық құжаттар»;
1-қосымшада:
«Авиакеросиндер» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
»;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 826 шешімімен қабылданған «Автомобиль мен авиация бензиніне, дизель мен кеме отынына, реактивті қозғалтқышқа арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 013/2011) талаптарыға сәйкестігі туралы декларацияға ие.»;
2) «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11678 болып тіркелген):
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.