«Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 488 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларында:
2, 3, 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;
2) алғашқы көмек - бұл адамның өмірін сақтап қалуға, шұғыл жағдайлар кезінде асқынулардың алдын алуға, сондай-ақ оқиға орнында зардап шеккен адамның өзі (өзіне-өзі көмек) немесе жақын маңдағы басқа адам (өзара көмек) жүргізетін шұғыл жағдай кезінде зардап шеккен адамның денсаулығы мен өміріне төнетін қатерді төмендету мақсатында медицина қызметкерлері келгенге дейін шұғыл базалық іс-шаралар кешені;
3) «Александротвың ұшы» құтқару құралы-суға батып бара жатқан адамға көмек көрсетуге арналған құрал, ол ұзындығы шамамен 30 метр, диаметрі 40 сантиметр ілмегі және екі қалқымасы бар жүзбелі балшық болып табылады;
4) бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы - бастамасы бойынша бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға;
5) демалушылар - демалу, балық аулау, шомылу, шағын көлемді кемелерде жүзу және демалудың басқа да түрлері мақсатында су айдындарында жүрген адамдар;
6) жағажай - су айдынына іргелес және ұйымдасқан демалу, оның ішінде адамдарды шомылу үшін жайластырылған жер учаскесі;