Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүлкімен, баспаханаларының полиграфиялық жабдығы жиынтықтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 679 бұйрығы
(2021.24.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1382 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүлкімен, баспахана полиграфиялық жабдығының жиынтықтарымен жабдықтау нормалары бекітілсін.
2. Бас штаб бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтында орналастырсын;
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің техникалық тәрбие құралдарын және басқа да мәдени-ағарту мүлкін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері баспаханаларының полиграфиялық жабдығы жиынтықтарын сатып алуды және қамтамасыз етуді есептік жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттен бөлінген ақшалай қаражат шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.