«Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 27 шілдедегі № 835 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларында:
«Жалпы әскери азық үлесі» деген 1-нормаға ескертпенің 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) әскери қызметшілер - казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»;
«Инженерлік-техникалық құрамға арналған азық үлесі» деген 2-нормаға ескертпеде:
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) әскери қызметшілер - казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»;
«1500 метр және одан жоғары биіктіктегі биік таулық азық үлесі» деген 4-нормаға ескертпеде:
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) әскери қызметшілер - казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»;
«Десанттық-шабуылдау әскерлеріне арналған азық үлесі» деген 5-нормаға ескертпеде:
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: