«Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 146-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 7 шілдедегі № 323-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 146-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35961 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығында (бұдан әрі - Нұсқаулық):
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік музей қоры (бұдан әрі - музей қоры) - мемлекеттік музейлер, әртүрлі бейіндегі музейлер, оның ішінде музей-қорықтар мен жеке коллекциялар музейлері қорларындағы, сондай-ақ мәдени құндылықтарды сақтауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардағы мәдени құндылықтар туралы мәліметтердің жиынтығы;»;
1-тармағының бесінші және алтыншы абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) цифрлық форматқа ауыстырылған музей заты - цифрлық технологиялардың көмегімен цифрланған және электрондық тасығыштарда музейде сақталатын мәдени құндылық;»;
осы Нұсқаулыққа 1, 2, 3, 4, 5, 18, 19 және 21-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;